Алматыдағы подология орталығы
Алматыдағы подолог маманы табан терісі мен тырнақ проблемаларын шешуге көмектеседі.
Сіздің табаныңыз жарылып, көбекірген тырнақ, табан мүйізгегі, тырнақ зеңі мазаласа, медициналық педикюр қажет болып, табан терісі мен тырнақ проблемалары пайда болса, онда біздің Алматыдағы подология орталығымызға келіңіздер!
Біздің подолог-мамандар бұл проблемаларды кәсіби тұрғыда, еш ауырсынусыз, аз уақыт ішінде шешуге көмектеседі.
Біз сонымен қатар:
-
Тырнақ пластинасын тегістеу үшін түзету скобасын орнатамыз. Бұл тырнақты жоюға емес, оны түзетуге көмектеседі.
-
Сіздің проблемаңызды шешу үшін жеке силикон ортездер / ортоздар дайындаймыз. Силикон ортез\ортоз тырнаққа түскен жүкті дұрыс бөлуге көмектеседі, яғни бұл қажалған жерде пайда болған мүйізгекті емдеуге болады деген сөз.
-
Зең ауруларын анықтау үшін талдау жасайтын материалды дұрыс жинаймыз. Жиналған материал лабораторияға тапсырылып,талдау нәтижесі дайын болған соң, дерматолог дәрігерлермен бірге зең ауруларын емдейміз.
-
Ортопед дәрігермен бірлесе отырып, майтабанды емдеуге көмектесеміз.
-
Үй жағдайында табан терісіне және тырнаққа қалай дұрыс күтім жасау керектігін айтамыз және көрсетеміз.
-
Қант диабетіне шалдыққан адамдардың табанына күтім жасаймыз.
-
Егер сізге басқа дәрігерлердің (эндокринолог ,ортопед, дерматолог, остеопат) кеңесі қажет екенін байқасақ, ұсыныстар береміз.
Бізге сенім білдіруіңізге болады:
-
Қызметкерлердің кәсібилігі.
- Бізде медициналық білімі бар (подолог дәрігерлер), тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.
- Біз тек қызмет көрсетіп қана қоймаймыз, сонымен қатар Қазақстандағы подолог-мамандарды оқытамыз (оқыту оталығы бар). Ал бұл дегеніңіз, басқа деңгей және басқа біліктілік.
-
Емдік шараның қауіпсіздігі. Аспаптардың зарарсыздығы.
- Біз табан терісі мен тырнақтың проблемаларын емдеуге арналған арнайы косметика мен препараттарды пайдалана отырып, кәсіби, сертификатталған жабдықтар арқылы емдейміз.
- Бізде дезинфекцияның, стерилизацияның және құралдарды сақтаудың толық циклі бар. Тіпті бөлме ауасын тазартатын құрал да бар.
-
Ресей мен алыс шетелдердегі тренингтерге, курстарға үнемі қатысып, жаңа авторлық әдістемелерді үйреніп, Алматыға жаңа тәжірибе, әдістемелер мен жаңа заманауи материалдарды әкелеміз. Үнемі білім мен тәжірибені жетілдіріп отырамыз
-
Жеке қызығушылық. Біз бұрыннан жұмыс істеп келеміз және одан әрі жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.
Жақсы беделмен жұмыс істеу оңай!
Біз - Алматыдағы ең алғашқы подология орталықтардың біріміз. Бірнеше жыл бұрын ашылдық. Иә, Еуропа тәжірибесінде подологияны пайдаланғандарына 50 жылдан астам уақыт болса, олармен салыстырғанда Қазақстанда подологтардың қызметіне деген сұраныс болса да, бұл жас мамандықтардың қатарында тұр.
Әдеттегі сұлулық салонында қант диабетіне шалдыққан адамдардың табан күтімін, көбекірген тырнақ, зеңді тырнақ және т.б. тырнақ проблемаларын дұрыс емдемейді және аппараттық-препараттық өңдеуді жасамауы керек, себебі бұл – подологтардың құзыреті.
Білімі бар подолог-мамандар подологиялық қызметтер мен подологиялық көмекті арнайы орталықтарда жүргізуі керек.
Подолог – табан мен тырнақтың проблемаларымен жұмыс жасайтын маман. Подологқа басқа дәрігерлердің (дерматолог, эндокринолог, ортопед, остеопат) тағайындаған емдеу шараларымен келеді. Өз құзыреттілігіміз аясында аталған дәрігерлердің тағайындаған емдеу шараларын жүргіземіз.
Подолог кеңесіне, қабылдауына, емдеу шараларын жүргізуге келіңіздер.
Біз ересектер мен балаларға (туғаннан) қызмет көрсетеміз, қарт және аз қозғалатын адамдардың үйіне барып көмек көрсете аламыз.
Көмек қажет болса, біз әрқашан жаныңыздан табыламыз.
Алматыдағы подология орталығына қош келдіңіз!