arrow_down arrow_left arrow_right ca compl cross fav like login meta_cat meta_coms meta_date meta_mail meta_pages meta_reply meta_user meta_views next prev search sort speedbar tags fb gp mail od tw vk ya

Подология

Подология – хирургия, эстетика, дерматологияның жігінде пайда болған жас ғылым. Зерттеу аясы  – табан проблемалары (тырнақтың зең аурулары, көбекірген тырнақ, табан терісінің мүйізденуі, жарықтар, сүйелдер, табан мүйізгегі және т.б.). Подологияның жеке ғылым болып қалыптасуына көп болмағанына қарамастан, бүгінгі күні Алматыда подолог қызметіне сұраныс жоғары, өйткені аяқ қозғалысының еркіндігі мен жеңілдігі, табанды күту және оны әдемі қалыпта ұстау сіздің сырқы келбет күтіміне ерекше мән беретіндігіңізді көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ деніңіздің саулығын көрсетеді. Табанда ішкі мүшелердің кескінін сипаттайтын көптеген белсенді нүктелер бар, сондықтан да ертедегі адамдардың: «аяғыңның ауырғаны, барлық ағзаңның ауырғаны» деуі тегін емес.   
Подолог – кәсіби білімі, тәжірибесі, арнайы қалыптасқан машығы арқылы табан мен тырнақ проблемаларын және оның ауруларын емдеуге көмектесетін маман, дегенмен оның арнайы дәрігер болуы міндет емес. Тым күрделі проблемалар болған жағдайда бірден белгілі бір саланың маманына, яғни, эндокринолог, ортопед, травматолог немесе басқа дәрігерге жолдама береді.   
Сондай-ақ, подолог – педикюр шебері ғана емес. Оның қызмет аясына процедураның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауырсынуды болдырмайтын заманауи әдістер мен жаңа құралдар еніп, қарапайым гигиеналық педикюр медициналық процедураға айналады. 
Кәсіби көмек пен кеңесті біздің Алматыдағы подология орталығымыздан ала аласыздар! 
Білікті, тәжірибелі подолог-мамандар, кең спектрлі процедуралар, жаңа препараттар мен құралдар – мұның барлығы сіздің қысқа мерзім ішінде сапалы әрі кешенді ем алуыңызға көмектеседі. 
Біздің орталығымыздың кәсіби  подологтарының қызметі мен кеңесі арқылы табан терісі мен тырнақ  проблемалары жөнінде туындаған  барлық  сұрақтарыңызға жауап алып, өміріңізді жеңілдете аласыз: 

  • Көбекірген тырнақ;
  • Табан мен өкшедегі шағын жарықтар;
  • сүйелдер;
  • табан мүйізгегі;
  • аяқ тершеңдігінің жоғарылығы (гипергидроз);
  • гиперкератоз (терінің шамадан тыс мүйізденуі);
  • зең аурулары;
  • «диабеттік табан»;
  • Тырнақтың қисаюы немесе түсуі;
  • Табан сүйегі құрылымындағы өзгерістер (табанның үлкен бақайының вальгустік өзгерісі, майтабан, табан бақайларының балға пішіндес өзгерісі,  плантарлық фасциит (өкшелік тырнақ).

Біз 

  • Көбекірген тырнақты отасыз түзеп, тазалау;
  • Сүйелдерді ауыртпай алып тастау;
  • Табан мүйізгегін емдеу;
  •  онихомикозды емдеу (тырнақ зеңі аурулары),
  • гиперкератозды емдеу (сонымен қатар өкше мен табан жарықтарын емдеу);
  •  «диабеттік табанды» дұрыс тазалау;
  • тырнақ  пластинасын қалпына келтіру;
  • медициналық аппаратты маникюр;
  • табан массажы;
  • табан мен бақай өзгерістерін түзету (сонымен қатар «шығыңқы сүйек» деп аталатын  табанның вальгустік өзгерісін  );
  • кесіндіні дайындау мен арнайы корректорларды таңдау (табан өзгерісін болдырмау үшін);
  • табан мен тырнақ күтімі туралы кеңес беру (алдағы уақытта басқа да проблемалар мен рецидивтен құтылу үшін) сияқты емдік шараларды жүргіземіз.

Табан аурулары мен проблемаларының пайда болу себептері 
Табанның басты қызметі – дене салмағын ұстап тұру және қозғалысты қамтамасыз ету. Осы сияқты маңызды әрі күрделі жұмысты атқара отырып, түрлі өзгерістерге ұшырайды, кей жағдайда оған айтарлықтай күш түседі де, ерекше күтімді қажет етеді. Алайда мұның бәрін  уақытылы байқамау, түрлі проблемалардың туындауына әкеліп соғады. 
Табан мен тырнақ ауруына әкелетін негізгі себептерге төмендегі жайттарды жатқызуға болады: 
дұрыс таңдалмаған, сапасыз, ыңғайсыз аяқ киім; 

  • микоздар (тырнақ зеңі инфекциясы);
  • қант диабеті мен кейбір жүйелі ауурулар негізінде болатын микроайналым арнасының бұзылуы;
  • денеге шамадан тыс салмақ түсіру табанды жаралайды;
  • туа біткен немесе жүре пайда болған табан сүйегінің өзгерістері;
  • дене қызуының шұғыл өзгерісі;
  • тырнақ пен табан терісіне дұрыс немесе жеткілікті дәрежеде күтім жасалмауы.

Подологта емделуге ешқандай шектеулер мен қарсы көрсетілімдер жоқ, ол қауіпсіз әрі ауырсынуды болдырмайды. 
Сонымен қатар подолог аяқ киімді дұрыс таңдауға көмектеседі, аталған проблемалардың қайталанбауы үшін табан мен тырнақ күтімі жөнінде кәсіби тұрғыдан кеңес береді, аурудың алдын алу үшін тырнақ пен табанды үй жағдайында қалай күту керектігін үйретеді. 
Тырнақ пен табанның жағдайын қалыпты ұстау  бұл гигиена мен әдемілікке қатысты сұрақ емес. Табан проблемалары өмірде көптеген мүмкіндіктерді шектейді, табиғи әрі моральдық күйзеліске әкеледі. 

Сіз  төменде көрсетілген телефондарға қоңырау шалу арқылы қабылдауға жазылып, кеңес ала аласыз:
+7 (727) 317-43-42 
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)