Алматыдағы подологияны оқыту курстары, Қазақстанда. Подолог
Біздің Алматы қаласындағы PODOCENTER.KZ табан саулығы және подология орталығымызда:
- подология саласын жаңа меңгеріп жатқан мамандарға (жаңадан бастағандарға базалық курстар) арналған подологияны оқыту курстары;
- тәжірибелі подолог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған курстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Жыл сайын тырнақ, табан, көбекірген тырнақ проблемаларынан бастап мүйізгек, диабеттік табан күтімі проблемалары бар адамдардың саны күрт артып келеді. Сол себепті Қазақстанның түрлі қалаларындағы педикюр шеберлері осы саладағы жаңа білімнің қажеттігін түсінеді және біздің орталығымыз ұйымдастырған оқыту курстарынан өтеді. Эстетикалық педикюр шеберінен подолог маманына дейін біліктілікті арттыру бұл подология саласындағы біліммен қаруланған маманның табысы жоғары әрі сұранысқа ие болуына кепілдік бере алады. Бұл деңгей өзгерек.
Бізде кәсіби оқу базасы мен оқытушылар құрамы бар:
- Подология жеке сала ретінде эстетика мен медицина жігінде қалыптасты, сондықтан курстың арнайы бөлімдерін медиктер, жеке сала дәрігерлері жүргізеді. Мысалы, қан айналымы бұзылған, қант диабеті бар науқастарға аяқ күтімін жасау ережелеріне арналған курсты эндокринолог дәрігер жүргізеді. Тырнақ пен терінің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары туралы курсты дерматолог ал,. аяқ пен табан анатомиясы мен физиологиясы курсын травматолог-ортопед жүргізеді.
- Біз әрбір курс бойынша оқытудың білім беру бағдарламаларына сәйкес жұмыс жасаймыз, яғни әрбір дағдыны, іскерлікті пысықтауға бөлінетін теориялық және практикалық оқу сағаттары нақты бекітілген.
- PODOCENTER.KZ Алматы қаласының орталығында орналасқан. Біздің оқыту орталығымыз сіздің теориядан алған біліміңізді практикалық тұрғыда бекіту үшін қажетті құалдармен жабдықталған. Тәжірибелік сағаттар арнайы құралдармен жабдықталған бөлмелерде өтеді.
- Курстың соңында кәсіби курстан өткендігін растайтын сертификаттар береміз.
Болашақ подолог маманның кезең-кезеңімен меңгеруге тиісті негізгі білімінің тізімін ұсынып отырмыз:
- Аяқ және табан анатомиясы мен физиологиясы
- Тері мен тырнақ құрылысы, олардың қызметі мен ішкі процестері.
- Көбекірген тырнақты емдеу тәсілдері, қалыпқа келтіруші жүйені қолдана отырып тырнақты қалпына келтіру.
- Жарақаттану процесінің кезеңі және оны жүргізу
- Тырнақ пен терінің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
- Табанның проблемалық жерлерін өңдеу ережелері (мүйізгек, сүйел,тырнақтың қалыңдауы)
- Ортезирлеу негізі (жеке ортозды жасау)
- Қант диабетіне шалдыққан науқастармен жұмыс жасау ережесі, диабеттік табанға ерте күтім жасау, асқынудың алдын алу
- Подолог пен дәрігерлердің байланыс тиімділігі алгоритмін жасау.
Тақырыптың әрбір бөлігі қосымша тақырыптарды қамтиды.
Мысалы, сіз аппаратты педикюр техникасын жақсы меңгердіңіз, енді ортаниксияны игеруге дайын болсаңыз, қалыпқа келтіру жүйесінің титандық жіп, ЗТО скобасы, Фрезер скобасы бойынша курстарды бастауыңызға болады.
Әрбір қалыпқа келтіруші жүйе теориялық әрі практикалық тұрғыдан жеке курс ретінде оқытылады. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, курсты аяқтағаннан кейін практиканы қажет етеді. Бірнеше қалыпқа келтіруші жүйені бір уақытта үйрену пайдасыз. Нақты жағдайға байланысты қалыпқа келтіру жүйесінің дұрысын таңдап қолдану және диагностика жасауды тек практикалық тұрғыда қолданып жүрген мамандар ғана біледі.
Шын мәнінде өз ісінің маманы болу үшін теория аздық етеді, сондықтан тәжірибе қажет! Курстар маманның одан әрі табысты тәжірибе жүргізуі үшін барлық қажетті білімі болатындай етіп әзірленген, PODOCENTER.KZ ұйымдастырған әрбір курс теорияны практикада толық қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа білімді сәтті игеру үшін іс жүзінде қолданып, онымен жұмыс істеп, науқастардың проблемаларын шешуге көмектесіп, қаржы табуға мүмкіндік тудыратынына сенеміз!
PODOCENTER.KZ орталығында жаңа білім алып, теорияны практикада қолдана білуге шақырамыз!
Интсаграм желісіндегі біздің парашамыздағы сабақ кестесін қадағалап отырыңыз!
+7 777 180 6644 көрсетілген телефонға қоңырау шалып, сұраныс жасаңыз.
PODOCENTER.KZ курстары мен семинарлары :
- Подологияға кіріспе
- Көбекірген тырнақпен жұмыс
- Скоба 3ТО – үшкомпонентті қалыпқа келтіру жүйесі
- Титандық жіп жүйесін қолдана отырып, көбекірген тырнақты қалпына келтіру.
- Жеке ортоздарды дайындау. FRESCO силикондары
- Педикюр бойынша мамандардың тәжірибесіндегіБородавки в практике специалиста по педикюру. Азот қышқылымен жұмыс істеу алгоритмі Алгоритм работы с азотной кислотой.
- Подолог тәжірибесіндегі таңу материалы.
- Табан күтімі жөніндегі маман кабинетінде диабеттік табанмен жұмыс.
- Дерматолог пен подолог маманның өзара байланысы.
- Түсіру материалдары
- Тырнақты қалыпқа келтіру жүйелері бойынша біліктілікті арттыру
Қазіргі уақытта подология сұранысқа ие табыс көзі.
Білім алып, тәжірибе жинағыңыз келсе, бізге келіңіз!
Оқу бойынша үздік ұсыныстарды келесі сілтеме арқылы қарай аласыз.
Оқыту бойынша үздік ұсыныстарды қарауға болады