«Қант диабетіне шалдыққан науқастардың табан күтімі және подолог тәжірибесі» тақырыбындағы практикалық курс
Қант диабетіне шалдыққан науқастардың табан күтімі және подолог тәжірибесі. Диабеттік табан (диабеттік табан синдромы) - қант диабетінің асқынуы. ДДҰ мәліметтері бойынша, ҚДС бар қант диабетімен ауыратын науқастардың жарақатсыз сипаттағы төменгі аяқ-қол ампутациялары 40-60% құрайды. Науқастардың тырнақ пен сүйелдерді өз бетінше өңдеуі өте қауіпті, осындай жағдайларда подолог кабинеті қант диабетіне шалдыққан науқастарға көмек көрсететін орын болып табылады. Бұл жағдайлардың жиі ұшырасуы Қазақстанда диабеттік табанды емдейтін кабинеттердің жетіспеушілігіне әкеледі, сондықтан да қант диабетіне шалдыққан науқастар медикалық-санитарлық ұйымның көмегіне емес, подологтарға жүгінуге мәжбүр.
ДТ синдромы бар науқастар табанға жиі күтім жасау арқылы гангрена мен ойық жараның даму қаупін азайтады. Соңғы жылдары педикюр саласының мамандары осы бағытта жақсы дамып келеді. Бұл педикюр мамандарының қант диабетімен ауыратын науқастармен, соның ішінде диабеттік табан синдромының алдын алу бойынша жұмыс істеу принциптері мен жолдарын үйретуге бағытталған бағдарлама болып табылады.
Ресейдегі бұл процестің негізін қалаушы – Удовиченко Олег Викторович, м.ғ.д., «Диабеттік табан» медициналық холдинг Viamedis.kz (Астана, Қазахстан) басшысы. Бұған дейін Олег Викторович Мәскеу облысының Ильин ауруханасындағы диабеттік табан кабинетінде дәрігер-эндокринолог және Мәскеу қаласындағы ортопедия және подология орталығында қызмет істеген.
Егер сіз қант диабетімен ауыратын науқастарға практикалық тұрғыда көмек көрсетуге дайын болсаңыз, "Подолог тәжірибесіндегі қант диабетімен ауыратын науқастар" курсына қатысуға кеңес береміз. Аталған курсты біздің орталығымызда 2022 жылдың мамыр айынан бастап Олег Викторович жүргізеді.
Курс аясында табанды дұрыс өңдеудің жолдарын арнайы модельдер арқылы көрсететін болады. Осы курстан өткен мамандар дәрігер-эндокринологтар көмекшісі ретінде тізімге енеді.
Оқу екі күндік курс түрінде өткізіледі. Ол төмендегілерді қамтиды:
Курс нәтижесі бойынша Сіз:
Аталған бағдарлама бойынша Ресейлік әріптестер тәжірибесімен оқудан өткен педикюр индустриясы мамандарының қазақстандық тізімі жасалды. Аталған тізімнің кеңеюі қант диабетіне шалдыққан науқастарға өз қаласынан табанды дұрыс өңдейтін мамандарды табуына мүмкіндік береді. Аталған тізімнің еліміздегі қант диабетін және диабеттік табанды емдейтін дәрігерлерге (эндокринолог, хирург, қан тамырлы хирург және басқа да мамандар) көмегі тиетініне сенеміз. Дәрігерлер қант диабетіне шалдыққан науқастармен жұмыс істеу барысында өздеріне қажетті көмекші-мамандармен байланыса алады, бұл ампутация мен ойық жара санының азаюына мүмкіндік береді.