arrow_down arrow_left arrow_right ca compl cross fav like login meta_cat meta_coms meta_date meta_mail meta_pages meta_reply meta_user meta_views next prev search sort speedbar tags fb gp mail od tw vk ya

Павел Квартирниковтың екінші авторлық курсы – Алматыда, Қазақстан

Украинаның жетекші әдіскері Павел Квартирниковтың екінші авторлық курсы 2017 жылдың 23-інші қазаны мен 2-інші қарашасында Алматыда өтеді.  Оқу подологиялық дағды деңгейі мен табанды өңдеу сапасын жоғарылатып, жұмыс техникасын жақсартқысы келетін жас және жетекші подолог-мамандарына пайдалы әрі қызықты болмақ.   
Бағдарлама теория мен практиканы қамтиды:  
1 саты: 2017-інші жылдың 23-26 қазаны  - Аппаратты педикюр  
2 саты: 2017-інші жылдың 27 қазаны – Тырнақ пластинасын протездеу    
3 саты: 2017-інші жылдың 28 қазаны  - Шағын ортопедия  
4 саты: 2017-інші жылдың  30 қазанынан 2 қараша аралығында - Ортониксия.  Корректірлеуші тоғындарды орналастыру:  
30.10 - 3ТО тоғыны ⏯ 31.10 – ORA тоғыны  
01.11 – Podofix тоғыны  
02.11 -  Титанды тізбек тоғыны  
29.10.17 демалыс күні.  
 Шолу семинар  1 саты мен  4 саты алдында болады. Орын саны - шектеулі, алдын ала жазылу кезінде төлемнің 50% төленеді.  


Павел Квартирников – Украинаның жетекші маманы. Медициналық білімі бар подолог-маман. Жұмыс тәжірибесі - 20 жыл, оқыту тәжірибесі - 16 жел. Біліктілігін немістің подология мектебінде жүйелі түрде жоғарылатады. Одесса қаласының «Сұлулық технологиясы» байқауының қазылар алқасы мүшесі. Журналдарда подология туралы жазылған бірқатар мақаланың авторы. Экспо-бьюти Интершарм, Style&Beauty конференциясының баяндамашысы.  
Өтетін орны:Podocenter.kz, Подология орталығы, Казахстан,  Алматы қаласы,  Желтоқсан көшесі, 140  
Төлем ақы: курс ақысы қатысушылар таңдаған деңгей санына байланысты болады.  
Байланыстар:+7 701 710 4553 Лейла  
 Павел Квартирниковтың  2017 жылдың мамырында Қазақстанда өткізген бірінші курсы туралы толық ақпаратты осы жерден ала аласыздар, сонымен қатар қатысушылардың пікірімен таныса аласыздар 

Павел Квартирниковтың авторлық курсы АлматыдаҚазақстан  
Қазақстандағы подологиялық практика үшін өте маңызды оқиға 2017 жылдың мамырында болды.  Украинаның жетекші әдіскері Павел Квартирниковтың курсы орталық Азияда, Қазақстанда Алматы қаласында алғаш рет өтті.  Podocenter.kz подология орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.  
Оқыту ,ең алдымен, тәжірбелі подолог мамандарға арналды. Қазақстанның әр түкпірінен келген пдолог-мамандар аппаратты педикюр, тырнақты протездеу мен шағын ортопедия мен ортониксия саласында жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алды.  Корректірлеуші тоғындарды орнатуға арналған курс 3ТО тоғыны, Ora тоғыны, Podofix тоғыны мен  титанды тізбек тоғындары жүйесін қамтыды. Теориялық блок модельдер арқылы практикамен бекітілді. Модельдерді мұқият таңдау теорияны 100% бекітуге мүмкіндік берді. Неврома Мортонмен науқастарға кеңес беру мен диагностиканымен қатар аталған науқасқа жеке корректірлеу жүйесін дайындады.  
Павел тек қана білімі, дағдысымен ғана бөлісіп қоймай, подологияның әлемдік тәжірибесі мен жаңалықтарымен бөлісті. Қазақстанның әр жерінен келген студенттер алған білімі мен дағдысын табан саулығын сақтау үшін қолданады. Павел Квартирниковтың авторлық курсы  2017 жылдың қазанына жоспарлануда Алдағы оқу туралы толық ақпаратпен мына жерден таныса аласыздар.