arrow_down arrow_left arrow_right ca compl cross fav like login meta_cat meta_coms meta_date meta_mail meta_pages meta_reply meta_user meta_views next prev search sort speedbar tags fb gp mail od tw vk ya

Көбекірген тырнақты отасыз емдеу

Ауырсыну, қызару, ісіну, жүрген кезде аяқтың солқылдап ауыруы, тырнаққа тигенде аурудың күшейе түсуі – бұл жағымсыз белгілерді медицинада  онихокриптоз деп атайды(тырнақ пластинасының өзін қоршап тұрған жұмсақ тінге қарай өсуі, көбінесе үлкен бақайдың тырнағын зақымдайды).  Алматыда көбекірген тырнақты қайда және қалай емдейді деп интернеттен іздеудің қажеті жоқ. Біздің Алматыдағы подология орталығымызда балалар мен ересек адамдардағы көбекірген тырнақты отасыз, ешқандай ауырсынуды болдырмай-ақ ем жүргізеді. Мұндай проблеманы емдеу көп уақытты алмайды. 


Өздігіңізден емделуге қатаң түрде тиым саламыз: көбекірген тырнақты емдеу бір қарағанда оңай болып көрінгендіктен, арнайы маманға баруға асықпайды, кейін ауру асқынып, ірің пайда болып, тырнақ білікшесінің тіні созылуына әкелуі мүмкін. Бақай пішіні ұлғайып, жүргенде ыңғайсыздық тудырады, аяқ киім кигенде, ауырады. Сонымен қатар флегмон, тырнақ фалангасы остеомиелиті, абсцесс, гангрена сияқты аурулар туындауы мүмкін. Сондықтан көбекірген тырнақты түзетумен подолог-мамандар айналысуы керек! Біз тырнақ пен табан ауруларын емдеумен айналысамыз. 

Көбекірген тырнақ дегеніміз не?


Егер тырнақтың бір ұшы оның білікшесіне кірсе, қызарады әрі ісінеді де қабыну пайда болады. Әдетте үлкен бақайдың тырнағы білікшеге қарай өседі де осындай проблемалар болады, бірақ біздің орталығымызға басқа да бақайлар мен саусақ тырнақтарының проблемаларымен келетіндер бар. 
Аталған проблемалар ерексектермен қатар балаларда да болады. 

Себептері

Біздің қайсысымызда болмасын аяқтың үлкен бақайындағы көбекірген тырнақ болуы мүмкін. Онихокриптоздың өршу себептері: 
сапасыз педикюр; 
тырнақты дұрыс алмау  (дөңгелек пішінде жасау); 
тар аяқ киім кию; 
аяқтың жеке гигиенасын сақтамау; 
үлкен бақай мен табанның жарасы; 
ағзаның гормондық өзгерісі (жасөспірімдер мен жүкті әйелдер). 

Ауруды емдегенше, оның алдын алған оңай. Егер тырнақ тері ішіне қарай өссе, не істеу керек?


Ауруды үй жағдайында емдеп асқындыруға болмайды. Бүгінгі таңда медицина көбекірген тырнақты емдеудің бірнеше әдісін ұсынады. Подолог көмегіне неғұрлым ерте жүгінсеңіз, соғұрлым бұл жағымсыз аурудан ерте құтыласыз. Егер бұл қауіпті сигналды дер кезінде елемесеңіз, уақыт өте келе тырнақ айналасындағы тіндер созылып, ал қабынған жерде жара мен ірің пайда болады. Аурудың бұл кезеңінде бақай іседі, ал қабыну созылмалы кезеңге өтеді. Өзіңіз байқағаныңыздай, бұл кезеңде ауруды емдеу өте күрделі әрі хирургиялық көмекке жүгінуге тура келеді. 
Алматыда көбекірген тырнақты отасыз емдеу 
Егер сіз арнайы маманға уақытында қаралсаңыз, көбекірген тырнақты емдеу тиімдірек болады. 
Біздің мамандарымыз ауру ұзақтығына, өзгеріс пен қабынудың деңгейіне байланысты емдеу мен түзетудің түрлі тәсілдерін ұсына алады.  
Егер процесс жаңа басталып әрі өзгеріс шамалы болса, сонымен қатар тіннің қабынуы байқалмаса, біз сіздерге тырнақты емдеудің заманауи әдісін ұсынамыз.  
Ол – тырнаққа арналған пластина мен түзетуші скобалар.

Орнитоксия (бұл әдіс осылай аталады) – бұл отаның оңтайлы түрі. 

Бұл қалай жұмыс істейді?


Скобалар мен пластиналар деформацияға ұшыраған тырнақтың үстіне салынады әрі   оны көтеріп, осылайша жақын тұрған тіндерге әсері болмайды. Бұл біріншіден, ауырсынуды болдырмайды, ал уақыт өте келе зақымданған тырнақ түзеледі. 
Өз тәжірибемізде тырнаққа арналған пластина мен скобаның бірнеше түрін қолданамыз: 
B\S – арнайы желімнің көмегімен тырнаққа бекітілетін аса серпінді пластикті пластина. B\S пластинасын балалар мен тырнақтың қисық өсуін алдын алу үшін пайдаланамыз.   
«Подофикс» – қатты тырнаққа металды скобаны салуға дайындау кезінде, сондай-ақ  жұқа әрі орташа тырнаққа қолданатын созылмалы пластикті пластина. Бұл пластиналар шағын, тырнаққа орналастыруға жеңіл әрі ауырсынуды болдырмайды, бекітуге ыңғайлы, жүруге, тіпті спортпен айналысуға кедергі келтірмейді. Пластинаны лакпен бояғанда, байқалмайды. 
«Комбипед» - пластиналар мен скобалардың селбесуін көрсететін скобалар. Бір жағынан – медициналық болаттан жасалған ілгіш, екіншіден, тырнаққа жабыстырылатын пластиктен жасалған платформа. Мұндай скоба біржақты тырнақты өсіруде, сондай-ақ тырнақ сүйелі мен жара кезінде қолданылады. 
ЗТО – екі ілмек пен олардың арасын жалғайтын ілгіштен түратын металды скоба. Мұндай скоба медициналық болаттан жасалады, сондықтан өте қауіпсіз әрі аллергия тудырмайды.  ЗТО аурудың кез келген кезеңінде, сонымен ауыр жағдайларда да қолданылады. 
Фрезер скобасы – көбекірген тырнақты емдеудің ең ескі тәсілі. Соған қарамастан, ең жақсы әрі тиімді әдістердің бірі. Оның көмегімен тырнақтағы кез келген өзгерісті түзетуге және қатты, бұралған, қалыңдаған тырнақ пластинасы проблемаларын емдеуге болады. Бұл скоба - ортасынан бүгілген және ілмекті екі иін тәрізді металды сым-серіппе. Дәрігер әрбір нақты жағдайға байланысты формасын реттейді. Мұндай скобаны қою оңай емес, сондықтан подологтың кәсіби дайындығы жоғары болуы керек.  

Подолог қабылдауына жазылыңыздар! Біздің мамандарымыз көбекірген тырнақты жедел әрі тез, ауырсынусыз емдейді. Болашақта көбекірген тырнақты болдырмау үшін алдын алу шаралары мен тырнақты күту туралы ұсыныстарымен бөліседі.
  

Егер сізде табан мен тырнақтың сүйелі мен мүйізгегі, табанның жарығы сияқты проблемалар болса, подологтар кешенді диагностика жасап, емдейді әрі аурудың алдын алады. 

Инстаграм @podocenter.kz
+7 (727) 317-43-42
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)