Онихогрифоз. Белгілері, диагностика, емдеу
Онихогрифоз – бұл тырнақ пластинасының патологиялық өзгерісі, зақымданған тырнақ пішіні өзгергенде, ол қалыңдап, уақыт өте келе сыртқы түрі мен формасы жыртқыш құстың тырнағы сияқты болады. Кей жағдайда мұндай тырнақ саусақ терісіне қарай өседі. Көбінесе аяқтың үлкен бақайының тырнағы зақымданады.
Онихогрифозды емдеу әрі диагностикалаумен біздің Алматыдағы подология орталығымыздың мамандары айналысады.
Өздігіңізден диагноз қоймағаныңыз абзал. Тырнақ онихогрифозының белгілері микозды зақымдануға ұқсас, бірақ аурудың бұл түрлерін шатастыруға болмайды. Онихогрифоздың пайда болуына микоз әсер етеді және оның салдарынан пайда болады. Сондай-ақ ауру әрқашан гиперкератозды болады.
Өздігіңізден емделуге де болмайды. Бұл онихогрифоздың асқынуына әкелуі мүмкін, мұндай жағдайда хирургиялық көмек қажет болады.
Аурудың себебін анықтаған білікті маман оны емдеудің жолдарын ұсынады. Онихогрифозды ерте анықтағанғанда және ауру асқынбаған жағдайда тез емделеді әрі ем сәтті өтеді.
Онихогрифозды диагностикалау бірнеше кезеңнен тұрады:
• подологқа қаралу;
• науқастан сұрау арқылы анамнез жинау, аурудың туындауына негіз болған себептерді іздеу;
• алынған анализдің үлгілері: RW (Вассерман реакциясы) аурудың туындауына себеп болатын мерез ауруының бар немесе жоғын анықтайды, қант ауруын анықтау үшін жасалатын қан талдауы (қант диабетіне шалдыққандар арасында жиі кездеседі), тырнақ пластинасынан қырындыны алып микроскопиялық зерттеу жүргізеді.
Ауру жасы келген қарт адамдарға тән болса да, біздің көмегімізге түрлі дәрежедегі онихогрифозға шалдыққан жас әйелдер мен орта жастағы әйелдер жүгінеді. Себебі, әйелдер сән үшін аяқты қысатын сәнді туфли мен етіктерді киеді, ол аяқты қысып, қолайсыздық тудырып қанай қоймай, нәтижесінде осындай ауруларға шалдығады.
Қазіргі уақытта балаларда онихогрифоз сирек болса да кездеседі.
Патологияның даму себептері
Тырнақ пішінінің өзгеруі мен оның патологиялық өзгерісінің себептері:
тырнақ пластинасының түрлі зақымданулары мен жарақат;
Сыртқы факторлардың әсерінен тырнақ пластинасының астында орналасқан тіндердің қоректенуі бұзылады (аяқ бақайларын қысатын тар әрі ыңғайсыз аяқ киімді кию, тырнақтарды дұрыс тазаламау және т.б.);
тырнақ микоздары әсерінен болатын патология: тырнақ пластинасының псориазы, аяқ тамырының білеуленіп кеңеюі, неврит, үсік шалу;
тері жабыны қабатының құрамына кіретін протеиннің бұзылуынан болатын аурулар;
Эндокриндік бұзылулар;
тұқымқуалаушылық.
Сондай-ақ туа біткен онихогрифоз болады. Тізімде көрсетілген факторлардың бірнешеуі бір уақытта сәйкес келгенде ауру дамиды.
Белгілері
Тырнақ онихогрифозы келесі себептерге байланысты туындайды:
тырнақ пластинасы түрін өзгертеді, жылтырлығын жоғалтып, ұстағанда қатпарлы болады әрі түсі көмескіленеді, қалыңдайды;
тырнақ түсі өзгеріп, қызғылт түс сары-қоңыр түске айналады, асқынған жағдайда қараяды;
тырнақ пластинасы тырнақ ұясының үстіне қарай сәл ғана көтеріледі;
тырнақ сынады;
тырнақтың қисаюы,сыртқы жағынан алғанда құс немесе рептилия тырнағына ұқсас болады;
жүргенде ауырады, тырнақты алған кезде ауырсыну болады.
Онихогрифоз түрлері
Қазіргі таңда дерматологтар онихогрифоздың екі түрін көрсетеді: ерте анықталған және асқынған.
Онихогрифоз: бастапқы кезең
Аурудың бастапқы кезеңінде оның даму белгілері анық байқалмайды. Тырнақ қалыңдайды және қатаяды, тырнақ ұясына қарай көтеріліп, қисаяды. Ақырындап түсі сары немесе сұр түске өзгереді.
Онихогрифоз: асқынған кезең
Асқынған кезеңінде аурудың белгілері анық көрінеді: яғни тырнақ пластинасы бұзылады, зақымданған тіннің құрылымы мен пластина формасы толығымен өзгереді. Пішінінің өзгеруіне байланысты тырнақ үсті жарылып, сызық пайда болады.
Тырнақ онихогрифозын Алматыда емдеу
Онихогрифозды біздің Алматыдағы подология орталығымызда емдеудің тәсілдері оның бастапқы кезеңі мен асқынған түріне байланысты таңдалады. Қол мен аяқ тырнағын емдеуде жергілікті терапияны қолданады. Онихогрифозды тудыратын негізгі ауруларды анықтап, емдеу курсы тағайындалады.
Жергілікті терапия кератопатиялық пластырды жабыстырып немесе онихолизинді жағып, тырнақ пластинасын булауды қамтиды.
Емдеу кезінде қосымша ретінде тері жамылғысы мен тырнақ қалпын жақсартуға бағытталған дәруменді-минеральды кешенді тағайындауы мүмкін. Әдетте А,Е дәрумендері, мырыш, кремний, кальций, селеннен тұратын препараттар ұсынылады.
Асқынған кезеңде тырнақ пластинасы теріге қарай өседі, бұл кезде хирургиялық көмекке жүгінеді, тырнақты түбірімен алып тастайды.
Асқынулар
Емдеу ұзақтығы, аурудан толық жазылып шығу оның кезеңі мен себептеріне байланысты болады. Егер ауру туа пайда болған болса немесе тұқымқуалау арқылы берілсе, одан толығымен жазылып шығу ұзақ уақытты қажет етеді. Дегенмен заманауи препараттар тырнақ пластинасының түрін қалыпқа келтіріп, жайсыздықты жояды.
Алдын алу
Онихогрифоздың алдын алудың ең жақсысы – ыңғайлы аяқ киім мен аяқ гигиенасын тұрақты сақтау.
Инстаграм @podocenter.kz
+7 (727) 317-43-42
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)