Медициналық педикюр Алматыда
Медициналық педикюр деп аты көрсеткендей, кез келген сұлулық салонында жасалатын гигиеналық емшара емес. Бұл – табан мен тырнақтың арнайы проблемалары кезінде подолог-мамандардың жүргізетін емдік манипуляциясы.
Егер сізді мүйізгек пен табан мүйізгегі, табандағы сүйел немесе өкшенің жарылуы, табан терісінің шамадан тыс құрғауы мазаласа немесе көбекірген тырнақ туралы естіген болсаңыз, біздің Алматы қаласында орналасқан подология орталығымызға келіңіздер! Біздің подолог-мамандарымыз сіздерге міндетті түрде көмектеседі!
Медициналық педикюр
Ең алдымен, медициналық педикюр дегеніміз не екенін анықтап алайық. Қарапайым педикюрдан несімен ерекшеленеді, оны неге тек қана мамандар жасауы керек.
Медициналық педикюрды қарапайым аппаратпен жасалатын педикюрмен шатастырады, жоғарыда айтылған емшараның екі түрі де арнайы құралдардың көмегімен жасалады.
Сонда медициналық педикюр мен қарапайым педикюрдің айырмашылығы неде?
Сұлулық салондарында сіздің тырнағыңызды өз қалауыңыз бойынша ретке келтіреді, сыртқы пішінін өзгертеді, үстіне лак жағады. Бір сөзбен айтқанда, тырнағыңызды әрлейді. Барлығы осы ғана. Бұл тырнақ пен табанның жағдайына байланысты жасалады, көбінесе ауруға шалдықпаған жағдайда қолданылады. Медициналық педикюр мен сұлулық салонында жасалатын шараның негізгі айырмашылығы осында жатыр.
Медициналық педикюр табан мен тырнақ проблемасы туындаған кезде қажет. Яғни бұл емшара эстетикалық тұрғыда емес, емдік мақсатта жасалады.
Медициналық педикюрды қандай жағдайда жасау керек? Қандай проблемаларды шешу үшін қолданылады?
Мүйізгек пен табан мүйізгегі. Сапасы нашар аяқ киімді кию немесе оны дұрыс таңдамаудан туындайтын мұндай жағымсыз проблема кез келгеніңізде болған шығар?! Мұндайдан өздігіңізден арылу мүмкін де емес. Ал бізде ауырсынусыз әрі қарапайым жолмен емдейді.
Өзекті мүйізгекті алып тастау. Үстіртін мүйізгекке қарағанда, мұндай мүйізгекті алып тастау қиындау. Бірақ біздің подологтар мұндай проблеманы оңай шешеді, арнайы саптаманың көмегімен көрініп тұрған беткі қабатын алып қана қоймай, оның өзегін де алып тастайды.
Табан терісінің құрғауы мен жарылуы. Бұл екі проблема бір-бірімен байланысты, себебі табан терісінің шамадан тыс құрғақ болуынан өкше жарылады. Мұндай жағдайда гигиеналық педикюрдің көмегі әлсіз. Ал медициналық педикюр мәселені бірден шешеді.
Микозды аурулар (оникомикоз). Бір қарағанда, микозды емдеу кезінде педикюрдың қажеттілігі жоқ сияқты, бірақ подолог табанды аппараттың көмегімен өңдеген кезде зақымданған жерін алып тастай алады, бұл микоз инфекциясының таралуына жол бермейді, микозға қарсы препараттардың әсерін күшейтіп, жазылуын тездетеді.
Сонымен қатар медициналық педикюр төмендегі проблемалармен күресуге көмектеседі:
Көбекірген тырнақта ( 1 және 2 сатысында);
«диабеттік табан» синдромында;
гипергидроз (табанның шамадан тыс терлеуі);
гиперкератоз (бақайлардың арасында немесе плюснафалангалық буында, табанда тері қабатының мүйізденуінің патологиялық ұлғаюы);
сүйелдер;
тырнақ пластинасының әлсіздігі, тырнақтың сынғыштығы және т.б.
Біздің орталығымызда медициналық педикюр қалай жасалады?
Подолог табанды мұқият тексереді, диагностика жасайды, проблеманы анықтайды, жеке «табан картасына» нәтижелерді бекітеді.
Табанды дезинфекциялады.
Табанды арнайы құралдармен тазалайды, бұл одан әрі аппаратқа әсер етуіне көмектеседі (инфекцияның су арқылы таралуының алдын алу үшін медициналық педикюрда булау әдісі қолданылмайды.).
Табанды аппараттың көмегімен өңдеу: терінің мүйізденген қабатын, мүйізгекті, табан мүйізгегін алып тастау, жарылған жерін тазалау т.б.
Аяқ күтіміне байланысты кеңестер беру, аяқ киім немесе арнайы ортопедиялық ұлтарақты таңдау, қажеттілігіне қарай дәрілік препараттарды жазып беру.
Мұның барлығы 1,5 сағатты алады.
Егер сізге Алматыда подолог көмегі қажет болса, тек қана мамандандырылған орталықтардың көмегіне жүгініңіз! Өз денсаулығыңыз үшін ақшаңызды үнемдемеңіз, себебі бұл жағдайда кәсіпқойлық пен ұсынылатын көмек барлығын да шешеді.
Біздің орталығымызда білікті әрі тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, олар медициналық педикюр емшарасын жасап қана қоймай, алдын ала тексеру кезінде диагностиканы сауатты жасап, емшарадан кейін табан күтімі мен еміне байланысты кеңестер береді.
Құралдарға келетін болсақ, біздің орталығымызда індет жұқтыру қауіпінің туындауына жол бермейтін сертификатталған аппараттар ғана қолданылады.
Қорыта келгенде, медициналық педикюрдың формуласын шығаруға болады: бұл - сіздің табаныңыздың саулығы мен әсемдігі. Аяғым мінсіз болсын десеңіз, біздің подология орталығымызға келіңіздер!
Инстаграм @podocenter.kz
+7 (727) 317-43-42
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)