arrow_down arrow_left arrow_right ca compl cross fav like login meta_cat meta_coms meta_date meta_mail meta_pages meta_reply meta_user meta_views next prev search sort speedbar tags fb gp mail od tw vk ya

Қант диабетіне шалдыққандардың табан күтімі Алматыдағы подология орталығы

Қант диабетіне шалдыққандардың табан күтімі 
Алматыдағы подология орталығы
Егер сіз қант диабетіне шалдықсаңыз, табаныңыздың күтіміне ерекше көңіл бөлгеніңіз жөн. Егер бұл сырқат кезінде сіз аяғыңыздың күтімін мұқият қадағаласаңыз, денсаулығыңызға төніп тұрған қауіптен құтыласыз. 

Диабеттік табан күтімі тек қана үй жағдайындағы шараларды қамтып қоймай (табан мен гигиеналық емшараны күн сайын қарау), сондай-ақ біздің Алматыдағы подология орталығымызда жасалатын медициналық педикюрді де қамтуы тиіс. Біздің Алматыдағы орталығымыз диабеттік табанға жасалатын арнайы күтімді ұсынады.

Диабеттік табан проблемасының мәні неде?

Диабеттік табан белгісі (ДТБ) – қандағы глюкоза мөлшерінің жоғарылауынан туындайтын қант диабетінің ең қауіпті асқынуы. Бұл диабеттік нейропатияның(нерв тіндерінің бұзылуы) туындауына әкеледі және табанның ұсақ тамырларындағы қан ағымының нашарлауы салдарынан алғашында табан жансызданады да, артынан сезімталдығы төмендейді (ауруды сезінуі жоғалады). Ал бұл жара мен инфекцияның пайда болуына әкеледі, адам аяғын жаралап алғанын сезбей де қалады.
Сонымен қатар диабет кезінде жара мен терідегі зақымданулар нашар жазылады, инфекция жиі түседі, теріде жара пайда болады, буын мен сүйек бұзылады және бұларға микозды инфекция қосылады. Бұлардың барлығы зақымданған мүшені отауға және гангренаға алып келеді. Мұндайға жеткізбес үшін, қант диабетіне шалдыққандар аяқ күтіміне ерекше көңіл бөлгендері жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша диабетке шалдыққандардың 20%-дан астамы медициналық көмекке аяқ проблемаларына байланысты жүгінеді. Ал қант диабеті белгілерінің 70-80% -нан астамы диабеттік табан туралы біледі.

Диабеттік табан: алдын алу және күтім

Егер сізде диабеттік табан мәселесі туындаса, аяқ күтіміне жан-жақты қараған жөн, яғни қалыпты аяқ күтіміне қарағанда, бұл жағдайда тырнақты алуға ерекше назар аудару қажет, себебі тырнақты дөңгелетіп алу тырнақ айналасындағы теріні жаралайды, ал кездейсоқ пайда болған жараның жазылуы ұзаққа созылып, оған инфекция түсіп, тіпті кішкентай жарақаттың өзі трофикалық жараға айналуы мүмкін.
Біздің подология орталығымызда барлық емшара стерильденген жағдайда әрі аяқ күтіміне арналған арнайы құралдар мен құрылғылар арқылы жасалады, бұлар жарақаттану мен жұқпаны жұқтыру қауіпінің алдын алады. 
Біздің мамандарымыз диабеттік табан проблемаларын қалай шешеді?
Гиперкератоз, тері құрғақтығы мен жарықшақтар 
Қант диабетіне шалдыққан науқастардың терісі пергамент сияқты құрғақ әрі жұқа болады. Бұл көбінесе терінің мүйізденуі мен жарықшаның пайда болуына әкеледі және бұлар ұзақ уақыт жазылмайды, нәтижесінде жұқпа тез жұғып, жара пайда болады.
Біздің подологтар тегістеу арқылы мүйізденген теріні емдеп жазады, тазалап, өңдегеннен кейін арнайы крем жағады. Жара күрделі әрі ауырсынумен сипатталып, қан болған жағдайда біздің маман олардың шетін мұқият өңдеп, жараны жазатын жақпамайдан компресс салады.

Мүйізгек


Қант диабеті кезінде мүйізгектен құтылу оңай емес. Еш уақытта мүйізгекті өздігіңізден алып тастауға тырыспаңыз! Сезімталдықтың төмендеуіне байланысты «тірі» теріні алып тастауыңыз мүмкін. Дәл осы жағдайға байланысты мүйізгек – жарықшаның орнына пайда болған жараның негізгі себебі. Мүйізгек пластырын қолдануға болмайды, себебі олар ауа жібермейді де бактерияның көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.
Біздің орталығымызда мүйізгекті алып қана қоймайды, сондай-ақ рецидивтен құтылу үшін жарақаттанған жерге күш түсірмей, теріні қажаудан қорғайтын затты таңдауға көмектеседі.

Тырнақты өңдеу


Тырнақты қалыпты кездегідей алу диабеттік табан кезінде шағын жарақаттың пайда болуына әкелуі мүмкін. Егер педикюрді подолог жасаса, қауіптің алдын алады, себебі біздің мамандар тырнақты өңдеуде тілгіш құралдарды емес, аппараттық әдісті қолданады. Сондықтан денсаулыққа қауіп төндірмей, айына екі-үш рет қауіпсіз емшараға келген дұрыс.

Көбекірген тырнақ

Көбекірген тырнақ – бұл тырнақты дұрыс өңдемеу нәтижесі(бұл көбінесе тырнақ пластинасының шетін қиғанда немесе тырнақты тым қысқа етіп алғанда болады). Бұл кез келген адамда болатын, ал қант диабетіне шалдыққан науқастарда жиі кездесетін проблемалардың бірі.Тырнақ айналасындағы жұмсақ тіндердің бұзылуы іріңге әкеледі де жара пайда болады.
Подолог диабеттік табанды өңдеу кезінде тырнақтың шетін алып, айналмалы қондырманың көмегімен қажетті қалыпты жасайды. Ал мамандар бұл проблеманың алдағы уақытта пайда болуының алдын алу үшін корректірлеуші сымды немесе пластинаны қояды және күтімге байланысты кеңестер береді.

Тырнақтың қалыңдауы

Микоз - тырнақ қалыңдауының негізгі септерінің бірі. Сондықтан алдымен тексерістен өткізеді, ал микозды инфекция анықталса, қажетті емді тағайындайды.
Тырнақтың қалыңдауы бақай мөлшерін үлкейтететіндіктен, аяқ киіммен проблема туындайды. Бақайдың ұсақ тіндеріне қысым жасайтындықтан, кей жағдайларда қабыну мен ірің пайда болады. Сондықтан тырнақтағы қалыңдықты міндетті түрде арнайы фрездің көмегімен алып тастау керек, ал өңдеуден кейін тырнақ айналасындағы тіндерді жұмсартатын және тырнақтың өсуін баяулататын арнайы затты қолдану қажет.

Қант диабетіне шалдыққан науқастардың қан құрамындағы қант мөлшеріне қарамастан табанға  дұрыс әрі кәсіби тұрғыда көмек көрсету нәтижесінде, диабеттік табан белгілерін болдырмайды. Ал табанның проблемалық аймағына аппараттық өңдеу жасау мен арнайы заттарды қолдану арқылы табан терісінің жақсаруына көмектеседі әрі аяқты отауға әкелетін диабеттік жаралардың алдын алады.  

Егер сіз қант диабетіне шалдықтсаңыз, табан терісі мүйізденіп, құрғаса, өкше немесе бақай араларында жарықша болса, көбекірген немесе деформацияға ұшыраған тырнақ болса, кейінге қалдырмай, подологтың қабылдауына жазылыңыз! Алғашқы кеңесті алу үшін, біздің орталығымызға телефон шалып, жазылыңыз!

Инстаграм @podocenter.kz
+7 (727) 317-43-42
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)