arrow_down arrow_left arrow_right ca compl cross fav like login meta_cat meta_coms meta_date meta_mail meta_pages meta_reply meta_user meta_views next prev search sort speedbar tags fb gp mail od tw vk ya

Алматыда жасалатын аппараттық педикюр

Аппараттық  педикюр – бұл кең тараған табан проблемаларын сапалы әрі ауырсынусыз қалыпқа келтіретін емшара. Егер сіз аяғыңыздың сау әрі күтімді болғанын қаласаңыз, онда сізді  Алматыда орналасқан подология орталығымыздағы «аппараттық педикюр» емшарасына шақырамыз! Бұл табан күтімін қамтамасыз ететін ең тиімді, нәзік әрі заманауи әдіс. 

Аппараттық педикюр дегеніміз не? Ерекшеліктері. Классикалық педикюрден айырмашылығы

Алматыға аппараттық педикюрдің келгеніне көп болмаса да, тез сұранысқа ие болып, кең тарады.
Аппараттық педикюрдің басты артықшылығы – оның ауырсынуды болдырмауы, жарақат деңгейінің төмендігі және жұқпа жұғу қауіпінің жоқтығы. 
Сонымен қатар әртүрлі саптаманың көмегімен тырнақ пен тері және табанда5ытүрлі проблемаларды  мұқият өңдейді. Мұндайды үй жағдайында қолмен жасау мүмкін емес. Аппараттық педикюр тек қана табанға жағымды әсер беріп қана қоймайды, табанда орналасқан рефлекстік нүктелерге массаж жасау арқылы тұтас ағзаға оң әсер береді. Яғни сіз педикюрдің көмегімен  ағзаңызды тыныштандырасыз.
Классикалық педикюрден ерекшелігі, аппараттық педикюрде кесу құралдары қолданылмайды, үйреншікті булаудың орнына арнайы жұмсартқыш заттарды пайдаланады. Бұлардың көмегімен мүйізденген теріні оңай әрі жарақаттанусыз алып тастайды,  емшара сусыз жасалатындықтан, микозды жұқпаның тарауы мүмкін емес. 
Аппараттық педикюр, әсіресе, жарылу, мүйізденген тері, мүйізгек, табан мүйізгегі, қалыңдаған және көбекірген тырнақ сияқты проблемалары бар адамдарға ұсынылады. 
Тырнақты бұлайша қалыпқа келтіру, кішкентай ғана жарақат үлкен, күрделі проблемаға айналып кету қауіпі жоғары болып табылатын қант диабетіне шалдыққандар үшін ең негізгі әрі бірегей емшара деуге болады. 
Алматыдағы подология орталығында жасалаттын аппараттық педикюр.

Біздің орталығымызда апараттық педикюр емшарасын сапалы әрі қауіпсіз жүргізуге қажеттінің бәрі бар:  
  • Тек қана сертификатталған кәсіби құралдар мен жоғары сапалы косметикалық заттар;
  • Тиісті біліммен қаруланған, білікті, тәжірибелі мамандар;
  • Технологияны қатаң сақтау және құралдарды тиісінше зарарсыздандыру.

Біздің барлық клиенттер аппараттық педикюр жасау кезінде релаксация мен жағымды әсерден басқа, қолайсыздықтың болмайтынын айтады. Сонымен қатар аппараттық педикюр жасағаннан соң, тері баяу өседі, сол себепті терінің пішіні ұзақ сақталады (орташа алғанда, аппараттық педикюрді 3-4аптада бір рет жасауға болады)
 

Аппараттық педикюр қалай жасалады?

Басқа күтімге арналған емшаралар сияқты аппараттық педикюр де бірнеше кезеңнен тұрады: 

табанды тексеру, проблеманы анықтау және оларды шешудің оңтайлы әдісін анықтау;

  •  антисептикпен табанды тазалау;
  • тырнақты қалыпқа келтіру;
  • білікшенің жан-жағын және кутикулды өңдеу;
  • тырнақ пластинасын тегістеу;
  • жұмсартқыш затты жағу;
  • фрездің көмегімен табанды өңдеу;
  • табанды соңғы өңдеу;
  • скрабирлеу;
  • табан терісіне жеңіл массаж жасау, крем жағып ылғалдандыру;
  • кутикул күтіміне арналған май жағу.

Аппараттық педикюр тек қана гигиеналық және күтімге арналған емшара емес, сонымен қатар басқа проблемаларды шешуге арналған әдіс (жарақаттанумүйізгектабан мүйізгегі және т.б.), мамандар табанды өңдеудің стандартты жүйесіне қосымша шараларды енгізе алады. 
Мысалы, жарақат тез жазылуы үшін мүйізденген жерін жұқарту керек, бұл ұлпаның регенерациялау процесін тездетеді. Ал мүйізгекті алу үшін, оны  арнайы айналмалы бураның көмегімен теседі. Бұл проблемадан құтылудің тиімді әдісі ғана емес, сонымен қатар ең қауіпсіз тәсіл, себебі мұндай жағдайда сау ұлпаға кері әсері болмайды.

Қарсы көрсетілім

Аппараттық педикюр ең қауіпсіз және ауырсынуды болдырмайтын емшара болғандықтан, жасына, жынысына қарамай, денсаулық жағдайына қарай барлық адамға ұсынылады. Егер препараттың құрамындағы қандай да бір затқа аллергия болған жағдайда ғана шектеу қойылады. Бұдан басқа жүкті әйелдерге ұсынылмайды, себебі препараттың құрамындағы жұмсартқыш заттардың ұрыққа әсері зерттелмеген. Ал нәрестені дүниеге әкелгеннен соң, қолдануыңызға мүмкіндік бар.
Біз сіздерді мамандандырылған орталығымызға тырнақ пен табанның кәсіби күтіміне шақырамыз! Біздің мамандар сіздің аяғыңыздың саулығы мен әдемілігі үшін қолдарынан келгенді аямайды.  

Инстаграм @podocenter.kz
+7 (727) 317-43-42
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)