arrow_down arrow_left arrow_right ca compl cross fav like login meta_cat meta_coms meta_date meta_mail meta_pages meta_reply meta_user meta_views next prev search sort speedbar tags fb gp mail od tw vk ya

Алматыда мүйізгек пен сүйелді емдеу және оны алып тастау

Егер сізде жүрген кезде ауырсыну немесе өзіңізді жайсыз сезіну белгілері байқалса немесе аяғыңызда мүйізгек пен табан сүйелі болса, мұндай проблемалардан өздігіңізден үй жағдайында емделуге жол бермеңіз! Мүйізгекті үй жағдайында алып тастаудан күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Сол себепті біз сіздерден біздің орталығымыздағы білікті подолог-мамандардың көмегіне жүгінуіңізді сұраймыз! Мұндай емшараны біздің Алматыдағы подология орталығымызда жасатуыңызға болады.

Біздің орталығымыз аяқтың жоғарыда айтылған проблемаларымен айналысады. Біз қазіргі мамандандырылған әдіс пен технологияларды қолдана отырып, мүйізгекті сізге келетін әдіс арқылы емдейміз және алып тастаймыз. Тырнақ проблемаларымен айналысқанымызға 10 жыл. 

Жұмыс процесі келесі кезеңдерден тұрады:

  • Мүйізгекті тексеру және диагностикалау (оның пайда болу жағдайын анықтау: табан сүйелі, мүйізгек немесе басқа түзілімдер);
  • Мүйізгектің пайда болу себебін анықтау;
  • Алып тастаудың сізге келетін әдіс түрін таңдау;
  • Мүйізгекті алып тастау;
  • Емшарадан кейінгі күтім: емдік жапсырмаларды қолдану, тез қалпына келтіретін препараттарды пайдалану;
  • Қажет болған жағдайда жеке отрездерді пайдалану, арнайы ұлтарақтарды жасату;
  • Мүйізгек пайда болуының алдын алу туралы подолог-мамандардың ұсынысы.

Тез әрі кәсіби тұрғыда ауырсыну мен асқынуды болдырмай-ақ емдейміз немесе мүйізгекті алып тастаймыз.

Сонымен, егер сізді мүйізгекті алып тастау мәселесі қызықтырса, біздің Алматыдағы подология орталығымызға келіңіз! Сізде жүрген кезде болатын ауырсыну мен жайсыздықты ұмытасыз, табан терісінің мінсіздігі мен әдемі педикюрыңыз сізді қуанышқа бөлейтін болады. Біз бұған кепілдік береміз! 

Қосымша ақпарат 

Біз сізге мүйізгек пен табан сүйелін аппараттың көмегімен алуды ұсынамыз (сонымен қатар өзекті мүйізгекті алып тастау). Бұл  - мұндай проблемадан құтылудың ең тиімді тәсілі.

Аппараттық педикюр жасаған кезде табан терісін арнайы саптаманың көмегімен өңдейді, суда жібіту немесе кесу құралдарын қолданбайды. Барлығы да ауырсыну мен жарақаттануды болдырмайды әрі қауіпсіз. Құрғақ мүйізгек пен табан сүйелін емдеу үшін ажарлағыш саптаманы қолданамыз. 
Өзекті мүйізгекті алып тастау кезінде фрездің көмегімен өзекті шығарады. Мұндай жағдайда сау тін зақымдалмайды, пайда болған жырыққа қабынуға қарсы препаратты салады.
Ғаламторда мүйізгекті ауырсынусыз әрі тез алып тастаудың түрлі рецептін ұсынады. Өз денсаулығыңызға тәжірибе жасаудың керегі жоқ! 
Біріншіден, сіз аурудың диагнозын нақты қоя алмайсыз, сондықтан сіз мүйізгекті табан сүйелімен шатастыруыңыз да мүмкін. 
Екіншіден, мүйізгекті қиып тастаймын деп теріңізді жарақаттауыңыз мүмкін. Жарақатқа инфекция түскен жағдайда олардан арылу оңай емес, емдеу процесі ұзаққа созылады. 
Үшіншіден, мүйізгектің түрі өте көп, сол себепті емдемес бұрын оның түрі мен пайда болу себептерін анықтаған жөн, содан кейін емдеу тәсілін таңдайсыз. Ал мұны тек маман-подологтар ғана дұрыс істей алады. 
Төртіншіден, мүйізгек пен табан сүйелін дұрыс емдемеген жағдайда асқынуы мүмкін (жүрген кезде дене қалыпы өзгеріп, аяғыңыз ауырады, теріде күлдіреуік пен жара пайда болады, бурсит, остеомиелит, септикалық артрит дамуы мүмкін)
Біз мүйізгектің кез келген түрін емдейміз, дегенмен Алматыдағы көп клиенттеріміз өзекті мүйізгек пен табан сүйелін, құрғақ мүйізгекті алғызу үшін келеді. 
Ылғалды мүйізгек (немесе оны «сулы» деп те атайды), бұл - терінің жоғары зақымданған қабатында пайда болатын, сулы күлдіреуік. Мұндай мүйізгек қатты ауырып, аяқ киім таңдауда, сонымен қатар жүрген кезде адамға жайсыздық тудырады. Мұндай мүйізгек адам денсаулығына қауіп төндірмегенмен, егер оның сыртқы жабыны зақымданса, сол жерге инфекция түсуі мүмкін. 
Егер мүйізгекке түскен салмақты жоймаса, уақыт өте келе мүйізгектің құрғақ түріне айналады, бұл мүйізгектің келесі кезеңі деп те айтуға болады. Табанның қандай да бір жеріне  үнемі күш түсіру, үйкеу әсерінен мүйізгектің ылғалды түрі асқынып кетеді. Онда тері біртіндеп мүйізденеді. Ылғалды мүйізгекке қарағанда, құрғақ түрінде ауырсыну болмайды (мүйізгектің үстіңгі қабатында жарылу болғанда, яғни асқыну кезінен басқасында).
Құрғақ мүйізгекті үй жағдайында алып тастау тиімді бола бермейді және теріні жарақаттап, инфекцияның түсуіне әкеледі.
Табан сүйелі –табан терісінің мүйізденуі айқын көрінбейтін, құрғақ мүйізгектің түрі.  (көбінесе бақайдың астында, өкшеде, сондай-ақ үлкен бақайда болады).
Өзекті мүйізгек көбінесе аяқ бақайларының арасында немесе табанда болады. Өның ерекше белгісі – мүйізгектің ортасында орналасқан бірнеше миллиметр тереңдіктегі  өзектің болуы.
Өзекті мүйізгекті мамандар ғана алады. Біз мұндай мүйізгекті өздігіңізден алып тастауға қарсымыз, себебі онда қабыну мен инфекция болатындығына кепілдік береміз.  Сонымен қатар теріде қалған кішкентай өзектің өзі мүйізгектің қайта пайда болуына әкеледі.

Табан сүйелі мен мүйізгектің пайда болу себептері 

  • Ыңғайсыз немесе сапасыз аяқ киім (тар немесе мөлшері үлкен, өкшесінің жұқа болуы, аяқ киімнің ішкі жағында аяқты қажайтын тігістің болуы және т.б.).
  • Биік тақа.
  • Үлкен мөлшердегі шұлықты пайдалану(жиналып аяқты қажауы мүмкін).
  • Артық салмақтың әсерінен аяққа жиі күш түсіру, спортпен шұғылдану.
  • Гиповитаминоз.
  • Майтабан.
  • Қант диабеті.
  • Псориаз.

Инстаграм @podocenter.kz
+7 (727) 317-43-42
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)