arrow_down arrow_left arrow_right ca compl cross fav like login meta_cat meta_coms meta_date meta_mail meta_pages meta_reply meta_user meta_views next prev search sort speedbar tags fb gp mail od tw vk ya

Өкшедегі жарықты емдеу. Podocenter.kz, Алматы

Өкшенің жарылуы – косметологиялық проблема ғана емес, бұл – эстетикалық та проблема, сондай-ақ мұндай жағдайда жүрген кезде ауырсыну болып, бірден физикалық жайсыздықты сезінесіз. Бастапқы кезеңде бұл проблеманы өзіңіз емдесеңіз де болады, дегенмен өкшенің жарылуы - ұзаққа созылатын, ерекше күтімді, уақыт пен  төзімділікті қажет ететін емшара, тек қана сауатты таңдалған әдістің көмегімен емдеп жазуға болады. Сол себепті подологтың көмегімен емделу тиімдірек.

Сонымен қатар өкшенің жарылуы басқа аурулардың (қант диабеті, микозды инфекция) белгісі немесе қант диабетінің салдары болуы мүмкін, мәселен, қант диабеті жағдайында  өздігіңізден емделген дұрыс емес, мұндайда жарылуды қалай емдеу керектігі туралы  подологтардан кеңес алған жөн. 
Біздің Алматыдағы подологиялық орталығымыз көрсететін қызметтердің бірі – «Өкше жарылуын емдеу».

Подологтың көмегімен жарылуды емдеу

Бұл патологияның пайда болу себебін тауып, емнің қолайлы тәсілін анықтау үшін, біздің подологтар алғашқы кеңесті жүргізеді. Егер толық тексеру қажет болса, белгілі бір саланың мамандары - дерматолог, эндокринолог немесе гастроэнтерологтың қабылдауына жібереді. 
Егер жарылудың пайда болу себебі – соматикалық аурулар болмаса, подолог сіз үшін келесі кезеңдерді қамтитын арнайы емдеу бағдарламасын жасайды:

  1. Жарылуды өңдеу (терінің регенерациялануы мен жазылуына әсер ететін мүйізденген теріні емдеу). Арнайы фрездің көмегімен өкшедегі жарылған жердің шеті жұқартылып(бұл жағдайда «тірі» ұлпаға тимейді), бұдан кейін  жақпамай немесе қайта қалпына келтіретін крем, компресс, жапсырғыштардың көмегімен бекітіледі әрі салыстырылады.
  2. Өкше жарылуының қайта пайда болуының алдын алып, жазылу процесінің сәтті өтуі үшін арнайы құралдарды таңдайды.
  3. Өкшеде жарықтың пайда болуының алдын алу үшін қолданылатын косметикалық құралдарды және аяқ киімді таңдау, табан күтіміне байланысты ұсыныстар береді.

Өкше жарылуының пайда болу себептері:

  • Табан гигиенасы ережесін сақтамау;
  • Ашық аяқ киім немесе тар аяқ киімді кию;
  • Табанға дұрыс күтім жасамау;
  • Табанға артық салмақ түсіру (спортпен шұғылдану, тік тұрып жұмыс істегенде, артық салмақ аяққа түседі.);
  • Жалаң аяқ жүру;
  • Бассейіндегі хлорлы су немесе теңіздің тұзды судың әсері;
  • Табан гиперкератозы мен терінің құрғақтығы;
  • Зат алмасу процесінің бұзылуы мен гормондардың  дисбалансы;
  • авитаминоз ( А, Е және F дәрумендерінің жеткіліксіздігі);
  • Асқазан-ішек жолдары мен тері аурулары.

Өкшедегі жарылудың пайда болу кезеңдері мен белгілері
Терінің шамадан тыс құрғақтығында жарылу пайда болатыны белгілі. Сондықтан ең алғашқы қауіпті сигнал - өкшеде құрғақ әрі қатты терінің пайда болуы әрі бұл кішкентай торшамен қапталады және біраз уақыттан кейін қабыршақтана бастайды.
Өкшедегі жарылудың пайда болуына әсер ететін тағы бір фактор - гиперкератоз. Сырттай қарағанда, өкшенің шетінде анық көрінетін, сарғыш тығыздық.
Көбінесе мұндай белгілер жазда ашық аяқ киім кигенде, жағажайда немесе саяжайда жалаң аяқ жүргенде, су қоймасында немесе бассейінде шомылғанда пайда болады. Бұл агрессиялық факторлар табан терісінің құрғауына, оның серпімділігін жоғалтып, кішкентай зақымдалулардың пайда болуына әкеледі.

Бастапқы кезеңде жарылу өкшені толығымен жабатын жұқа ақ сызықтарға ұқсайды, бірақ уақыт өте келе және емдемеген жағдайда физикалық күштің әсерінен жарылудың мөлшері ұлғаяды, олардың шеті жұқарып, тері мүйізденіп, терең әрі жиі қанайтын, қабынған жарық пайда болып, жарыла бастайды. Бұл кезеңде емдеу процесі ұзаққа созылады және  күрделі болады
Егер өкшеңізден қандай да бір жарылу белгісін байқасаңыз, проблеманы асқындырмаңыз! Біздің подология орталығымызға келіңіз! Бұл жерде сіздің өкшеңіз  әдемі әрі сау қалыпқа түседі. 

Мамандардың қабылдауына уақытында жазылсаңыз, өкше терісін қалпына келтіру процесі жылдамдайды.

Инстаграм @podocenter.kz
+7 (727) 317-43-42
+7 (777) 180-66-44 (whatsapp)